19.07.2017, 17:50
Оқылды: 23

Оралда шекара қызметінің ансамблі өнер көрсетті

 

Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында ҚР ҰҚК Шекара қызметі құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Аталмыш мереке қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ансамблі мерекелік шараға арналған салтанатты концерттік бағдарламасын көрермендерге тарту етті.

-Өңірімізге келіп жатқан өнерпаздар қала тұрғындары мен әскер қатарында жүрген сарбаздар үшін өз өнерлерін ортаға салуда. Шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған ауқымды шара ағымдағы жылдың мамыр айынан бастау алған болатын. Міне, сол уақыттан бері еліміздің әр қаласында әскери ансамбль өз өнерлерін жұртшылыққа паш етіп келеді. Республикамыздың барлық қалаларын қамтитын айтулы шара бірнеше мыңдаған шақырымды артқа тастап, алдағы айдың 18-нші жұлдызында Астана қаласында қорытынды концерті өтетін болады. Кеше Ақтөбе қаласында концерт өткізген болса, бүгін біздің шаһарымызға келіп өз өнерлерін көрсетуде. Бұндай әсерлі кеш Атырау, Ақтау қалаларында да жалғасын табады. Концертке келушілер залды толтырып, ансамбльдің өнеріне қошеметін көрсетуде, - дейді 2029 әскери бөлімінің командирі подполковник Асқар Қазбеков.

Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале