17.07.2020, 11:38
Оқылды: 100

Оралда жаңа жинақ жарық көрді

Қаратөбе ауданының тумасы, оралдық ақсақал Амантай Макаровтың «Едіге қазірет және оның ұрпақтары» атты жинағы жарық көрді.

B82E134E-2BE6-4AC0-B05C-DF9C376CD02B
Кітап Орал қаласындағы «ШұғылаПринт» баспасынан басылып шыққан.

Қаратөбе ауданының әкімдігі, Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Едіге қазірет зираты басына жаңадан құлпытас орнатылып, тазалау жұмыстары жүргізіліп, түнек те ретке келтіріліп, сауапты іс жасалды.

Аудандық «Ізгілік» қоғамдық қорының төрағасы Әмірбек Жәнібеков баба рухына Құран бағыштап, ауыл азаматтары Ғалымгерей Қайырғалиев, Абат Зейнуллин келелі ой қозғаған.

F966BAA1-E0FA-4CE0-9137-0FF5314C3EC2

Оралдық кітап құрастырушы автор Амантай Макаров Едіге ишанның тікелей ұрпағы боп келеді.

- Осы кітапты шығарудағы мақсатым – баба рухына тағызым ету, оның қадір-қасиетін арттыра түсу, құдіреттілігін бүгінгі ұрпаққа жеткізу.

Сонымен қатар кітапта қасиетті Қаратөбе өңірінің тарихы, табиғаты, бай мұрасы, бабаның ұрпақтары жөнінде де мәліметтер топтастырылды, - дейді автор.

Айта кету керек, Амантай ақсақал Едіге қазірет басына орнатқан құлпытасты да, кітапты да өз қаражаты есебінен шығарған.

Еңбекте Ақ Жайық өңірінен шыққан қаламгерлердің, журналистердің еңбектері басшылыққа алынған.

Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале