11.10.2018, 12:40
Оқылды: 34

Оралда «Жас барыс» турнирі өтті

Орал қаласында өткен «Жас барыс» турнирінің іріктеу кезеңінде тасқалалық спортшылар үздік нәтижемен қуантты.

күрес

         «Орал» СК, «Ұлттық жекпе-жек» және «Ат спорты» мектептерімен қатар өңір аймақтарының намысын қорғаған жас барыстардың басын қосқан дода екі күнге созылды. Нәтижесінде тасқалалық өрендер жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатты.

         Атап айтқанда, 42 кг салмақ дәрежесінде С.Бакитов жеңімпаз атанса, 38 келі салмақ дәрежесінде М.Жеміс екінші орыннан көрінді. 73 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Р.Сағындықов, 81 кг салмақ дәрежесінде Т.Ажғалиев үшінші орынға ие болды.

Айым РУСЛАНҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале