20.10.2017, 12:00
Оқылды: 53

Оралдағы қарттар үйіндегі сырымдық қариялар туған ауылына келді

Сырым ауданына Орал қаласындағы жалпы үлгідегі әлеуметтік – медициналық мекемесіндегі жерлестер келді. Қайырымдылық шарасын Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Сырым жастары», «Сырым жауһарлары» ұйымдары ұйымдастырып отыр.

Келушілер үшін С.Датұлы атындағы мәдени-демалыс саябағы, Алаш саябағы, С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің мұражай бөлмес, сонымен бірге Жымпиты ауылының көрікті жерлері көрсетілді. Түсте құрметті дастархан жайылып, ауданның жастары концерттік бағдарлама ұсынды. Қонақтардың барлығына сыйлықтар табыс етілді.

Қайырымдылық айлары кезінде аудандағы көркемөнерпаздарының облыстық мекемелерге барып концерт беру жыл сайынғы дәстүрге айналған. Жерлестерін елге алып келіп, танымдық сапар ұйымдастыруды Сырым ауданы бірінші болып қолға алып отыр. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы осындай игі жұмыстарға да бастама болып жатқанын айта кету керек.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале