22.11.2017, 12:22
Оқылды: 24

Оралдық студент шешендік өнер байқауынан жүлделі оралды

 

23846084_2016635438554972_1461492666_nҚарағандыда Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты шешендік өнер байқауы өтті. Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Ақниет Қайырғалиев жеңімпаздар сапынан көрініп, жүлделі II орын және 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Алғаш рет ұйымдастырылған игі шараға еліміздің әр аймағынан 15 пен 35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты. Бұлардың барлығы – іріктеу кезеңінде үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар. Араларында студенттер, ұстаздар, тіпті өзге саланың өкілдері де бар. «Сөз бәйгесін өткізудегі мақсат – қазақтың кемеңгер биі, дала данышпаны Қазыбек Келдібекұлының шешендік мұраларын кеңінен насихаттау, ел арасынан сөз шеберлерін анықтап, оларға қолдау көрсету».

Қатысушылар «Сәлем - сөздің атасы», «Даналар сөзі - ақылдың көзі», «Шешендік - шеберлік» сынды үш кезең бойынша өз өнерін ортаға салды. Ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасы қатысушылардың шешендік шеберлігін, тіл тазалығын, дауыс мәнері мен орамды ойын ескере отырып, өз бағаларын берді.

Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Ақниет Қайырғалиев жеңімпаздар сапынан көрініп, жүлделі II  орын және 200 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кетсек, А.Қайырғалиев Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылында дүниеге келіп, Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінде білім алды. Қазір Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенті.

 Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале