25.01.2019, 12:50
Оқылды: 47

Оралдық тренер семинар-тренинг өткізді

Ақжайық ауданының орталығындағы «Өркен» коворкинг орталығында заманауи дағдыларды қалыптастыру бойынша «Soft skills» семинар-тренингі өтті.

IMG_2506

         Оны облыс орталығынан келген танымал бейресми білім беру тренері Оралбек Жандауов жүргізді.

         Ауылдардан жұмыс іздеп жүрген қыз-жігіттер, пробация қызметінде есепте тұрғандар да шақырылған шарада «жұмыс беруші» мен «жұмыс іздеуші» рөліне енгендер арасында жедел диалог жүргізіліп, олардың қарым-қабілетін арнаулы бақылаушы саралады. Екі қолға бір күрек табу үшін қалай іздену керек? Жұмыс берушіге өзіңнің ынтаңды, қасиеттеріңді толық қалай көрсете алар едің? Осындай сұрақтар төңірегінде кеңес беріліп, кеңінен ой-толғам ортаға салынды. Семинар-тренинг идеясын ауылдық округтар бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар жергілікті жерде ұйымдастырмақ.

IMG_2484

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале