2.04.2018, 17:26
Оқылды: 23

«Орда гүлдері» ансамблі республикалық байқауда І орынды жеңіп алды

г-962Ақтөбе қаласында өткен «Би ханшайымы - Нұрсұлу» атты ІҮ республикалық байқауда үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі жүлделі І орынды жеңіп алды.

Қазақтың балет бишісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапалова атындағы бұл байқауда тек «халықтық» және «үлгілі» атақтары бар би ұжымдары ғана өз бақтарын сынады.

Аудандық демалыс орталығының хореографы Сәуле Сүндетованың жетекшілігімен өнер бәйгесіне түскен бөкейлік бишілерге 200000 (екі жүз мың) теңгенің сертификаты табысталғанын да айта кетелік.

Раушан БАҚЫТОВА

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале