13.10.2017, 14:12
Оқылды: 9

Ордабайлықтарды ауыз су жағдайы толғандырады

Қазталов аудан əкімі Абат Шыныбеков Қараоба, Қошанкөл ауылдық округтеріне қарасты Ордабай, Қонысбай, Еңбек елді мекендерін аралады.

Тұрғындармен болған кездесуде Қараоба, Қошанкөл ауылдық округтерінің əкімдері Радж Шəріпов, Нұрлығали Дүйсеков тоғыз ай ішінде атқарылған жұмыстары туралы баяндаса, салалық мекеме басшылары тұрғындар сауалдарына жауаптар қайтарды.

Бұл орайда Қонысбай елді мекенінде мал бағымына малшы жоқтығын, ауылішілік күл-қоқыстарды тазалау, көшеге жарық орнату, медпунктке арнайы маманның жоқтығы сияқты көкейкесті мəселелер көтерілсе, Ордабай елді-мекеніндегі тұрғындарын ауыз су жағдайы толғандыратынын айтқан жөн. Ал Еңбек елді мекенінде халықтың ахуалы жақсы жағдайда екенін аңғардық. Өйткені сол шағын ауылда 20 үй болса, соның 10-ы мал шаруашылығымен айналысып, қожалық ашып, өз үйлерін заманауи жөндеуден өткізіп, ауылдың көркін келтіруде.

-Бұл елді мекен басқа ауылдық округтер мен елді мекендерге үлгі етуге тұрарлық, -деген аудан əкімі ауыл адамдарының ауызбіршілігіне ризашылығын білдірді.  Іссапар барысында аудан əкімі Қошанкөл ауылындағы əлеуметтік нысандардың қыс мезгіліне əзірлік барысымен танысты.

Жұлдыз АСҚАР,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале