26.05.2017, 12:07
Оқылды: 38

Ордада велотуризм мен бард әншілердің байқауы өтті

 

Бөкей Ордасы ауданында «Күміс шабақ» атты велотуризм техникасынан жарыс және «Шырқаған жастық шақ-2017» атты бард әндерін  орындаушы оқушылардың  аудандық байқауы өтті.


Жас орындаушылар байқауында танымал бард әншілердің және авторлық әндерді гитарамен сүйемелдей отырып орындау міндеттелді. М.Мәметова атындағы орта мектептің өнерпаздары Аида Хасенова мен Әсем Ерболатова (12-13 жас) ансамбль аталымы бойынша І орынды иеленсе, Елнура Қожантаева, Азиза Бирахметова және Эльнора Минғалиевалар (14-15 жас) және Милана Шаппазгереева мен Алмас Ерболатов (16-18 жас) І орыннан көрінді. Ал сағырбаевтық Ақан Тілекжанов (17-18 жас)  (гитарада өзі) талассыз І орынды қанжығасына байлады.

Балғындар қабілетін шыңдаған шара күйшілер саябағындағы   веложарысқа ұласты. Онда жас өрендер мәнерлеп жүру, триал, «Велобағдарлау» қашықтықтары арқылы діттеген мақсаттарына жетті. «Велобағдарлау» қашықтығынан ұлдар арасында М.Медетұлы, қыздар арасында Ж.Ғазезова І орыннан көрінді. Екеуі де М-С.Бабажанов мектебінің шәкірттері. Жалпы, командалық есеп бойынша М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп командасы көш бастаса, жәңгірхандықтар ІІ, жәнекешевтіктер ІІІ орыннан көрінді.

Гүлнар ТҰРСЫНТЕГІ

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале