23.07.2020, 13:22
Оқылды: 1272

Ордалық қайсар қыз – Атырау төрінде

«Біздің батырлар» айдарымен Атырау облысының орталығы Атырау қаласы көшелерінің біріне Ақ Жайық өңірінің тумасы, дәрігер Азина Апенованың да суреті ілінді. Бірнеше айдан бері коронавирус пандемиясына байланысты отбасынан алыстап, үй көрмей, карантиндік стационарда провизорлық дәрігер ретінде қызмет атқарып келе жатқан Азина Хамитқызын да бүгінгінің батыры деуге болады.

4536431D-9B19-4583-AFE3-9F3C50685EAF

Апенова Азина Хамитқызы 1992 жылы 22 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында дүниеге келген.

2000-2010 жылдары аралығында Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектепті тәмәмдаған. 2010-2017 жылдары аралығында "БОТА" қоғамдық қорының стипендианты атанып, Батыс Қазақстан мемлекеттік Марат Оспанов атындағы медицина университетін тәмәмдаған.

2017 жылы алғашқы еңбек жолы Атырау қаласындағы №3 қалалық емханасында жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығымен бастаған.

2018 жылдың желтоқсан айынан өз мамандығымен қоса патронаждық мейірбике ісін жүргізу жұмысы бойынша жауапты дәрігер болып тағайындалған.

Қазіргі кезде сындарлы сәтте мамыр және маусым айларында  өз еркімен карантиндік стационарға провизорлық дәрігер ретінде қызмет атқаруда.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале