11.05.2018, 10:57
Оқылды: 41

Ордалық қос қарияға құрмет көрсетті

Бөкей Ордасы аудандық ардагерлер кеңесінің бөлмесінде кеңес төрағасы Иманбай Машотов ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Қитеш Бисенғалиев пен тыл ардагері Анна Марчинконы 80 жасқа толуларымен құттықтап, сый-сияпат табыстады.

 Аталмыш жиында мерейтой иелерін аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев, Сайқын ауылының әкімі Мейрамбек Аққалиев құттықтап, еңбек ардагерлері Ерболат Мұратов, Ноқаш Қадымов, Марат Қадешов олармен бірге жүрген күндерін еске түсіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Қитеш Бисенғалиұлы мен Анна Васильевна көрсетілген ілтипат пен ықыласқа өз алғыстарын білдіріп, еңсесі биіктеген еліміздің қол жеткен табыстарына қуанатындарын айтты.

Айша ҚҰРМАШ

Бөкей Ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале