22.11.2019, 17:38
Оқылды: 207

Ордалық Саян Баетовтың стартап жобасы Орталық Азия бойынша үздіктер қатарында

 20 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Central Asia Startup Show» халықаралық бағдарламасы аясында 1000-ға жуық қатысушының ішінен 50 инновациялық жоба авторының жұмыстары үздік деп танылып, түрлі қаржылай қолдауға ие болды.

 саян

Аталмыш шара АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бірнеше ай көлемінде стартап жобалар сараланып, нәтижесінде жерлесіміз Саян Баетовтың еңбегі назарға ілігіп, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі бекіткен 500 мың ақшалай сертификатқа ие болды.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің озық ойлы өнертапқыштарының жобалары инкубациялық және акселерациялық бағдарламалардан өткізілді. Бұл шараға ұлттық компаниялар, кәсіпкерлер, венчурлық қорлар тағы басқа 90-ға жуық ірі ұйым-мекемелер қатысты.

Арай Марат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале