8.12.2017, 10:05
Оқылды: 20

Ордалық халықаралық байқауда емдік қымызы үшін «Алтын медаль» иеленді

Өрісі төрт түлікке толған бөрлілік жеке қожалық иесі Мырзабай Боранбаев жақында облыста мал  және құс шаруашылығы органикалық өнімдерінің халықаралық байқауына қатысты.

Байқауда жерлесіміз бие сүтінен алған емдік қымызы үшін «Алтын медаль» иеленіп, арнайы Дипломмен марапатталды. Сонымен қатар осы байқауда жабы типті  қазақы жылқы тұқымының «үздік асыл тұқымды шаруашылығы»  және «емдік шұбат өндіру» аталымы бойынша күміс медальдарға лайықты деп танылды.

Осы жылы Ресейдің Волгоград қаласында ұйымдастырылған үздік тағам өнімдерінің, азық-түлік шикізатына және инвестициялық әзірлемелерінің бүкілресейлік байқауында бие сүтінен «Емдік қымызы үшін» алтын медальді жеңіп алғаны тағы бар.

Гүлнар Қадырова

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале