2.05.2018, 15:26
Оқылды: 14

Ордалықтар Ахтубадағы белдесуден жүлделі оралды

Ресей Федерациясының Ахтуба қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған дәстүрлі «Достық» кубогы үшін самбодан өтетін халықаралық ашық турнирге әдеттегіше біздің аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі палуандары да қатысты.

2002-2004, 2005-2007 жылы туғандар арасында өткен бұл белдесуге он бір тәрбиеленушіміз барып, бесеуі мәртебемізді өсіріп, олжалы қайтты. Тарқатып айтсақ, Медет Мақсот 46 келі салмақта І орынды жеңіп алса, Думан Ғиззатов 50, Жәңгір Ескендіров (үшеуінің де бапкері Т.Жұмағазиев) 55 келіде ІІ орынды еншіледі. Ал,  42 салмақтағылар арасында Ернұр Ержан (бапкері Н.Ғазезов),  35-те Мерей Жемісов (Н.Құрақов) ІІІ орынды қанағат тұтты.

Халықаралық додада бөкейліктердің мерейін үстем қылған жас палуандарымызға жеңістерің құтты болсын дейміз.

Дәурия ДҮЙСЕНОВА,

аудандық балалар-жасөспірімдер

спорт мектебінің қызметкері

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале