25.05.2017, 10:43
Оқылды: 33

Орданың үздік жас маманы анықталды

 

Шығармашыл жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби шеберліктерін көтеру мақсатында Т.Масин атындағы орта мектепте «Үздік жас маман – 2017» байқауы өтті.

Оған бес жас ұстаз – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұртілек Қабылов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлболсын Муфтахиева, шағын орталық тәрбиешілері Арайлым Құлжанова, Бану Стамғазиева, әлеуметтік педагог Гүлназ Құбиева қатысып, төрт кезең бойынша өзара сынға түсті.

Сайыстың бірінші бөлімінде жас мамандар ашық сабақтар шеруін өткізсе, екінші бөлімде жас ұстаздарымыз өздерін өлең шумақтарымен таныстырды. Ал өнер сайысында олар өздерін тек мұғалім ғана емес, әрі әнші, әрі биші және мәнерлеп оқу шеберлері екендіктерін байқатты. Педагогикалық-психологиялық сауалдарды шешу кезеңінде түрлі сұрақтарға толымды жауап бере отырып, оқушылармен, болмаса олардың ата-аналарымен арада орын алатын түрлі жағдайларда тығырықтан шығудың жолдарын көрсетті. Соңғы айналымдағы мектепке қатысты сұрақтарға да қисынды жауап беріп, тапқырлық танытты.

Байқау қорытындысында Арайлым Құлжанова «Үздік жас маман – 2017», Нұртілек Қабылов «Ұйымдастырушы ұстаз», Гүлназ Құбиева «Жаңашыл ұстаз», Бану Стамғазиева «Ізденімпаз ұстаз», Ұлболсын Муфтахиева «Шығармашыл ұстаз» номинацияларын иеленді.

Мейрамгүл ҚУАНШАЛИЕВА,

«Бастау» жас мамандар тобының жетекшісі

Бөкей Ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале