25.10.2018, 16:19
Оқылды: 55

«Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестиваліне іріктеу өтуде

«Туған жер» этно-мәдени жобасы аясында 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестиваліне іріктеу кезеңі басталды.

tasqala (4)

Аудан орталығындағы «Сәулет» мектеп-лицейі ғимаратына жиналған оқушылар «Ғажайып өлкем» тақырыбында шығарма жазып сынға түсті. Ауыл және аудандағы орта мектептен келген жас қаламгерлер өздеріне берілген уақытта тапсырма орындады.

Мұнымен қатар аталмыш білім ордасында «Орал өңірі» газетінің бас редакоры Б.Ғұбайдуллин мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Ұрпақ тәрбиесіне тікелей араласып отырған ұстаздар қауымының өз жұмысына немқұрайлы қарамай, жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеуге басымдық берілуін айтты.

-Өздеріңіз білетіндей газет бетінде түрлі тақырыптарда мақалалар жазылып келеді. Соның көпшілігі бүгінгі қоғамның негізгі дерті болып отырғаны жасырын емес. Жастардың жат діни ағымдарға қосылуы, білім мен тәрбие, жұмыссыздық – барлығы сіз бен біз болып қарсы күрес жүргізетін мәселе. Сондықтан оқушыларға оқу мен қатар тәрбие беру, оны жастардың санасына жеткізуде жауапкершілік танытқанымыз дұрыс. Әсіресе рухани азықтың көптеп берілуін қадағалау керек,- деді редактор. Бұдан әрі редактор мен ұстаздар арасында латын әліпбиіне көшу, жаңартылған білім мазмұны мен жастар арасындағы тәрбие тақырыбында әңгіме өрбіді.

Ал бұл уақытта «Приуралье» газетінің бас редакторы Р.Сыйықова мен аудан әкімнің орынбасары Л.Жұбанышқалиева аудандық орталықтандырылған аурухана ұжымымен кездесті. Дәрігерлердің тыныс-тіршілігі мен аурухана ахуалынан хабар алынып, жалпы аудан көлеміндегі іс-шараларға деген көзқарастар мен ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

tasqala (6)

tasqala (5)

 

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы,

zhaikpress.kz,

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда.

Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале