26.12.2018, 19:12
Оқылды: 21

«Өрімтал» жүлдегерлерін Қаратөбе ауданы әкімі қабылдады

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев  «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған облыстық «Өрімтал» жас тілшілер байқауының жүлдегерлері мен жетекшісін қабылдады.

IMG_9404 - копия

Кездесуде аудан басшысы облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырылған жобаның жүлдегерлері Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектебінің 10-сынып оқушысы Мералы Ерлікұлын, Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Саябек Қайырұлын, Аққозы мектебінің 10-сынып оқушысы Асылай Манарбекқызы мен Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Амандыққызына ризашылығын білдіріп, алғыс хат пен жерлес ақын апаларымыз Айсұлу Қадырбаева мен Шолпан Қыдырниязованың кітаптарын сыйға тартты.

–  Журналистика қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін сала. Егер осы жолда еңбек етемін десеңдер, алдымен сапалы білім алуға ұмтылыңдар. «Жайық Пресс» ұжымы ұйымдастырған шара сендерге арналған мүмкіндік. Қаламдарың мұқалмасын. Елдің сөзін, аға буынның еңбегін арқау етіңдер, - деді Жанат Асылханұлы өз сөзінде.

Қабылдауда Әйгерім Амандыққызы мен аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Серікбай Жәлелұлы сөз сөйлеп, ұдайы қолдау көрсетіп жүрген аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, жас тілшілерге табыс тіледі. «Өрімтал» жас тілшілер байқауының жүлдегері Саябек Қайырұлы үш күнге созылған облыстық фестивалден алған әсерімен бөлісіп, қаламынан туған өлеңін оқып берді.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

 

IMG_9414 - копия

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале