1.08.2017, 11:23
Оқылды: 20

«Өрле, ауылым!» жастар керуені жолға шықты

Бүгін Ақжайық ауданында «Өрле, ауылым!» жастар керуені ауылдарға сапарын бастады.


Бұл жоба өткен жылы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен қолға алынған-ды. Міне, айтулы шара биыл одан әрі жалғасуда. Керуен құрамындағы қыз-жігіттер Жайықтың сол жақ жағалауындағы Құрайлысай, Көнеккеткен, Есенсай ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездеседі. Әңгіме арқауы - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ғылыми мақаласында тұжырымдалған мақсат-мұраттар. Сонымен қатар олар өңірімізді, ауылдарымызды әлеуметтік-экономикалық өркендету мақсатындағы игі істерді қалың жұртшылыққа жеткізеді. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесшісі Абзал Мүтиғоллинов бастаған айтыс ақыны Әсет Бисенғалиев, әншілер, І топ мүгедегі Азамат Жәрдемов, Аслан Бақтығалиев, Жасмина Ғарифолла, жас ақын Гүлназ Патшағұлова тұрғындар алдына шығып, өнерлерін ортаға салады.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале