20.02.2017, 18:08
Оқылды: 35

Орманда адасқан тұрғын құтқарылды

Теректі ауданы Көшім ауылынан жаяу шыққан азамат жолды қысқартпақ болып орман ішімен жүреді. Абай ауылына жол тартқан ол 17 ақпан сағат 22.00-де адасып кетеді.


БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағынан түскен ақпарға сүйенсек, 1959 жылғы ер адамды құтқарушылар іздеп, 4 сағаттан соң тапқан. Абырой болғанда, дін аман. Тек қатты суықтан аяғын үсік шалған.

Құтқарушылар оны Абай ауылына жеткізіп, аудандық жедел жәрдем бригадасына табыстады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале