6.06.2019, 11:42
Оқылды: 38

Орманшылар қарағаш тұқымын жинауда

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жылдық жоспарға сай тұқым жинау жұмысына кірісті.

DSC_0214

Биыл орман орналастыру жобасы бойынша 100 келі қарағаш тұқымын жинау белгіленген.

Орман күзеті қызметкерлерімен бірлесе отырып, бұл істі жоспарға сай орындауда. Қарағаш – көп жылдық, жапырақ тастайтын ағаш. Суыққа төзімді, көбінесе көгалдандыру мақсатында автожол жиектеріне отырғызылады. Аңызақ желге тосқауыл болу үшін егістіктердің айналасына, сондай-ақ сусымалы құмдарға бөгет ретінде және сай-жыраларды су шаймас үшін егіледі. Сүрегі ауыр әрі тығыз, шірімейтіндіктен түрлі үй жиһаздарын жасауға құрылыс материалы ретінде де жұрт жиі қолданады.

- Жинаған тұқым Қостанай аумақтық тұқымды зерттеу стансасына жіберіліп, оның класы анықталғаннан кейін Тайпақ орманшылығында орналасқан 3 гектар тұқым бағына егіледі. Дәнінен егілген тұқым күз, көктем айларында екпе көшеттеріне пайдаланылады. Биылғы көктемгі екпе ағаштарын толықтыру үшін 10 мың дана қарағаш егілді,- дейді Тайпақ орманшылығының орман шебері Жайлау Құттыбаев.

Еркін Рай,

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале