30.01.2018, 16:32
Оқылды: 16

Өрт қауіпсіздігіне қатысты 952 мың теңге айыппұл салынған

Өткен жылы Тасқалада су тасқынын алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 9 шақырым болатын 4 канал қазылған. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов төтенше жағдайлар бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есептік жиынында баяндады.

 Жиынға БҚО төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжанов арнайы қатысты.

-Авариялық құтқару бөлімшелерінің дайындығын жетілдіру және жеке құрамды кәсіби дайындау мақсатында, арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Жаттығу барысында азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша әзірлігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жайында құжаттамалардың түгелдігі мен сапасы тексерілді. Бөлімде 2016-2017 жылдарға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жауынгерлік, қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары бойынша сабақтар уақтылы өткізіліп отырады.

Бөлім қызметкерлері 63 нысанның өртке қарсы жай-күйін тексерген. Оның 26-да 175 өрт қауіпсіздігі қағидасы бұзғаны анықталды. Қорытындысында 24 лауазымды және 4 заңды тұлғаға 952 мың 980 теңге айыппұл салынды, - деді А.Баяндықов.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының айтуынша, ауданда өртке қарсы сумен жабдықтайтын барлығы 86 өрт гидранты бар. Оның 21-і жарамсыз. Гидранттың 18-і Тасқалада орналасса, 2-уі Достықта, 1-уі Мерекеде. Алты өрт, бес күл-қоқыс жану оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген әрі шығынсыз. Биыл ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға ауданнан 5 үміткер бар екендігін айтып өтті.

Жиын барысында А.Ахметжанов бөлім қызметкерлерінің сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарына құлақ түрді.

Динара НАСЫР,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале