14.07.2017, 17:20
Оқылды: 22

Орталық базарда жәрмеңке өтті

Бүгін Қаратөбе ауданындағы орталық базарда Жусандыой, Сулыкөл ауылдық округтерінің кезекті жәрмеңкесі  өтті.


Әр апта сайын тұрақты түрде өтіп келе жатқан бұл жәрмеңкеге асыққан ауыл тұрғындарының қарасы мол.

Жәрмеңкеге келген қос ауылдық округтің кәсіпкерлері азық-түлік өнімдерімен қой малдарын саттыққа шығарды.

Атап айтсақ, қой малдарын 15000 тг және ауыл шаруашылық өнімдері – жұмыртқа 30 тг, құрт 20, 30, 50 тг, қымыздың литрі 800 тг, сары майдың келісі 2000 тг, қаймақ 1000 тг, тәтті нан өнімдері 700 тг және жеміс-жидектер сауда сөрелерінен табылды.

- Осындай жәрмеңке орталық базарда әр жұма сайын өткізіледі, - дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Есенжол Ғабдыраш.

Маралбек АМАНТАЕВ,

                                                                              Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале