13.10.2017, 17:02
Оқылды: 21

Орталық кітапханалар жүйесінің сайты таныстырылды

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда ауыл кітапханаларының аймақтық фестивалі өтті. Фестиваль жұмысына Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Сара Кенжебаева және Қаратөбе, Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Бөкейорда аудандарындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты.

Шараның әуелгі бөлігінде қатысушылар аудандағы кітапханалардың шығармашылық және инновациялық жұмыстарының көрмесін тамашалады. Кейін библиокафедегі «Алаш!» деп ұран салған ақын!» атты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған оқырмандар шарасына қатысты.

Фестивалдің кітапханалық жобалардың таныстырылымы бөлімінде Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің web – сайты таныстырылды. Кітапхана сайтының іске қосылуына оқырмандардың талабы себеп болып отыр.

Осыған дейін Сырым ауданындағы төрт бірдей кітапхана модельді режимге ауысқан еді. Орталық кітапхананың электронды кейіпке енуі - жаңағы жақсылықтардың  заңды жалғасы. Жаңа сайттың кітапхана үшін ақпараттық ресурстарды басқарудағы жетістік екені әрі оқырмандармен жұмыстың жаңа бағытын қалыптастыруға жол ашатыны сөзсіз.

Ауыл кітапханаларының кезекті фестивалі Бөрлі ауданында өтеді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале