14.07.2017, 17:39
Оқылды: 21

Орталықта құрылыс жұмыстары қарқынды

Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы 100 орындық интернат құрылысы, "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша таза ауыз су жүйесі және коммуналды-жалдамалы 22 үйдің құрылысы жұмыстарымен танысты.


Айта кеткеніміз жөн, интернат құрылысына облыстық бюджеттен 286 млн 485 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын "СәттіҚұрылыс" ЖШС атқаруда. Ал "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша тартылып жатқан ауыз су жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 244 млн 606 мың теңге қаражат бөлінген.

Бұл екі жобаның жұмыстары былтырғы жылы бастау алған болатын. Коммуналды-жалдамалы 22 үйдің құрылысы жұмыстарына облыстық бюджеттен 166 млн 555 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, құрылыс жұмыстарын "ЖолаушыЖол" ЖШС мамырда бастап кеткен.

Құрылыс нысандарын аралап, танысқан аудан әкімі осы жұмыстарға жауапты бөлім басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы да уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Қайрат ЖАҚЫП

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале