16.02.2017, 14:26
Оқылды: 19

«Өшпес даңқ»

Дәл осындай атаумен Ақсайда мәні зор шара өтті. Аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Эльдар Шыңғалиев ауған соғысының ардагері Марат Ерғалиевті «Ауғанстан Демократиялық  Республикасының І дәрежелі жұлдызы» орденімен марапаттады. 


Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлер қоғамының төрағасы Жетпісбай Бектеміров сөз алып, қарулас достарына зор денсаулық тіледі.

Мереке аудандық демалу орталығының ұйымдастырған концертпен жалғасты.

Шара соңында  ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале