22.11.2016, 11:31
Оқылды: 21

Отбасы құндылығы дәріптелді

%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d2%9b%d2%b1%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d0%b4%d3%99%d1%80%d1%96%d0%bf%d1%82%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Шыңғырлау аудандық білім бөлімі - «Алтын ұя» отбасылар сайысын ұйымдастырды. Отбасы құндылығын, ата-баба дәстүрін дәріптеген, жанұя жарастығын жұртшылыққа жарқын жұмыстарымен көрсете білген сайыс Л.Қылышев атындағы орта мектепте өтті. Бұл тәлімді шараға ауданымыздың Ащысай, Алмаз, Белогор, Қуағаш, Лубен, Тасмола, Шыңғырлау, Л.Қылышев атындағы, Амангелді және Ақсуат орта және негізгі мектептерінің өкілдері үлкен дайындықпен келіп, белсене қатысқанын айта кеткен жөн.

«Алтын ұя» сайысы төрт кезеңнен тұрды. Алдымен отбасылар өздерін таныстырып, ыстық сәлем жолдаса, екінші «Отбасы таланты» кезеңінде шығармашылық үй тапсырмаларын көпшіліктің назарына ұсынды. Мұнан соң «Ынтымақты отбасы» бөлімінде өз тұсаукесерлерін ортаға салып, «Бақытты жанұя-бақытты ел» фотокөрмесінде өздері түсіріп алып келген фотосуреттер арқылы өз отбасыларының жетістіктері мен ерекшеліктерін көрсетуге ұмтылды.

Соңғы «Менің елім-Қазақстан» кезеңінде әр отбасының балалары өз Отанын қалай ардақтап, отбасы құндылығын қалай түсінетіндіктерін салған суреттерімен жеткізуге тырысты.

Шараға қатысушылар үлкен ізденіспен, тың ойларымен, жан сүйсінтер сәттерімен көрермендерінің көңілінен шыға білді.

Сайыс соңында І орынды  Құсайновтар отбасы (Шыңғырлау ОМ), ІІ орынды Меңдігерей отбасы (Алмаз), ал ІІІ орынды Сапаровтар жанұясы (Ащысай) жеңіп алды. Лубендік Қыдыровтар отбасы «Жас отбасы», ал «Ынтымақты отбасы» аталымына амангелдіділік Кенжетаевтар  лайық деп танылды.

Барлық жеңімпаздар аудандық білім бөлімі атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Әр мектеп ұжымы өздері де демеушілік жасап, шараның мәнді өтуіне ат салысты.

Жеңімпаз отбасы облыстық сайысқа қатысатын болады.

Толқын Жұмағалиева

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале