20.01.2020, 19:04
Оқылды: 125

Отбасыға қатысты қосымша мәлімет базадан алынады

Бәйтерек ауданына келген облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақованың қатысымен келелі жиын өтті.  

baiterek qonys (1)

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков ашқан аталмыш жиынның күн тәртібіне негізінен 2020 жылға тағайындалған мемлекеттік атаулы көмек мәселесі шығарылып, жиналғандарға жан-жақты түсінік берілді.

Жиында халық арасында әлеуметтік қамту шаралары бойынша дұрыс ақпараттық-түсінік жұмысын жүргізу, атаулы әлеуметтік көмекті талапқа сай рәсімдеу, тұрғындарға отбасы табысын жасырған, немесе, ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда атаулы көмектің отбасы мүшелеріне толықтай тоқтатылатындығы және ол 6 айдан кейін ғана қайта рәсімделетіндігі айтылды.

Атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу барысында тұрғындардан жеке басының куәлігінен басқа ешқандай қосымша құжат талап етілмейді. Отбасыға қатысты қосымша мәлімет ақпараттық базадан алынады. Егер базада мәлімет болмаған жағдайда, жергілікті әкімдік мамандары өздері сұрату жіберуге міндетті. Үй жағдайын тексеру актісі нақты толтырылуы шарт. Егер отбасы мемлекеттік қайтарымсыз грант немесе жеңілдетілген несие алса, өндірген өнімі 6 айдан кейін ғана отбасы табысына есептеледі. Заңды ажырасқан, бірақ, бір отбасында бірге тұратын ерлі-зайыптылардың табыстары толақтай отбасы табысы ретінде саналады.

Жиында өзге де көптеген мәселелер сөз болып, қойылған сауалдарға да нақты жауап берілді.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале