8.09.2017, 10:40
Оқылды: 29

Отбасылық ансамбльдер фестивалі ұйымдастырылды

Зеленов ауданында «Өнер шамшырағы» атауымен аудандық отбасылық ансамбльдер фестивалі ұйымдастырылды.

«Отбасы күніне» орай өткізілген мерекелік шарада ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс халықты құттықтап, өнегелі, үлгі тұтар отбасылар көп болып, абыройлары биік болсын деген тілегін жеткізді.

Байқау барысында ауданымыздың алты округінен келген жанұялық ансамбльдер екі әннен орындап, бар өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысында  переметныйлық Мұхтаровтар «Мерейлі отбасы», белестік Мұсағалиевтер «Өнегелі отбасы», Дарияннан келген Иманқұловар «Үлгілі отбасы», янайкиндік Гумаровтар «Дарынды отбасы», Достық ауылынан Джакуповтар «Өнерлі отбасы» аталымдарына ие болса, мичуриндік Сисеновтар бас жүлдені жеңіп алды.

Байқаудың облыстық кезеңінде Сисеновтер жанұясына жолдама берілді.

 Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале