9.12.2019, 11:36
Оқылды: 118

Отбасылық эстафета өтті

Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жылдағы дәстүрге сай аудан жамағаттары арасында «Иман - жан байлығына кепіл, спорт - тән саулығына кепіл» атты отбасылық эстафета өтті.

janibek

Исламға спорттың қашық еместігін және отбасы арасында береке, бірлік, ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ауданнан 8 отбасы қатысты. Жарыс барысында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев және аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Эстафеталық жарыс, сақинаға доп лақтыру, қалаққа шар қойып жүгіру, қақпаға доп тебу, шығыршықты айналдыру, арқан тартыс сияқты алты кезеңнен тұрған сайыстың қорытындысында жәнібектік Ахмулдиндер отбасы І орын, Жұмаевтар отбасы ІІ орын, Ғұмаровтар отбасы ІІІ орынға ие болса, қалған 5 отбасы әртүрлі аталымдар мен сыйлықтармен марапатталды.

-Бұл пайғамбарымыздың мәулітіне арналған отбасылық сайыс. Жамағаттар бір-бірімен аралассын, көрсін, білсін, спортқа бейімделсін, әйел адамдар да бір мезгіл серпілсін деген ниетпен биыл 3-інші рет өткізіліп отыр,- деді бас имам.

Гүлім Қабдолова

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале