13.04.2017, 12:30
Оқылды: 52

Өте қажетті, өте өзекті шешімдер кешені

Kaztalov audandik ishki sayasat  Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты рухты оятар мақаласы жарияланды. Осы мақаланы оқи отырып, Елбасының бүгінгі күннің мәселесін дөп басқанын байқаймыз. Бұл мақала үлкен өзгерістердің бастауы болмақ. Мақалада көрсеткен бағыттар шын мәнінде жүзеге асса, ұлтымыздың жаңа бір белеске шығары анық. Рухани жағынан мықты қоғам ғана үлкен жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Рухани бай ұлт қана қанатын кең серпіп, көкте қалықтайды.


  Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы өз мақаласында «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салада біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз» -дейді. Сондай-ақ Елбасы 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі латын әліпбиімен басып шығарыла бастауы тиістігін атап өтті.

  Елбасы мақаласында елдің рухани дамуында мәні зор алты бағытты белгіледі.

  Бір сөзбен айтқанда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - еліміздің әлемдік өркениетке өз үнімен қосылуын көздеген еңбек, өте қажетті, өзекті шешімдер кешені. Біз толығымен қолдаймыз! Баршамыз жұмылып, осы ізгі ниетті игі іске айналдырайық!

Самал ЖАНГЕРЕЕВА,

 Қазталов аудандық

ішкі саясат бөлімінің басшысы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале