20.09.2019, 16:10
Оқылды: 66

Өзге ұлт өкілдері фестивальге жиналды

Бәйтерек ауданындағы Достық үйінде аудандағы өзге ұлт өкілдерінің ұйымдастыруымен «Асыл мұра» атты фестиваль өтті.

 asyl mura (4)

Фестивальдің алғашқы құттықтау сөзі халықаралық байқаулардың лауреаты, халықтық «Достық - Дружба» ансамблінің көркемдік жетекшісі Сергей Саяпинге берілді.

asyl mura (3)

- Мерекелік шараның басты мақсаты өңірімізде қоныстанған түрлі ұлт өкілдерінің қоғамдық шараларды бірлесе атқаруына жағдай жасау, аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосу. Халықтар достығының ортақ шаңырақта өнер көрсетуіне қолдау танытып, жиналған қауымға халқымыздың кеңпейіл қонақжайлығы мен ақкөңіл дархандығын үлгі етіп, өлкемізде болып жатқан мерекелік шараларға атсалысу, - деді С.Саяпин.

asyl mura (6)

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, әр ұлт өкілі өздерінің салт-дәстүрін насихаттап, өнерлерін көрсетті.

Шыңғыс Нұрлыбекұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале