1.06.2018, 15:57
Оқылды: 23

«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы Қаратөбенің қос ауылында болды

Қаратөбе ауданының солтүстігіндегі Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтеріне бағыт алған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобы алдымен Егіндікөл ауылына, түстен кейін көршілес Қоскөл ауылына атбасын тіреді.

Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында аудан әкімінің өкімімен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты мобильдік топ құрылғаны белгілі.

Мобильдік топтың негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа түсіндіру, ақпараттық насихат жұмысын жүргізу.

Егіндікөл ауылдық Мәдениет үйіне жиналған ауыл тұрғындары алдында мобильдік топ мүшелері баяндама жасады.

Аталмыш ауылдық округтің әкімі Абат Зейнуллин өз сөзінде «Таза қол – чистые руки» жол картасын орындау мақсатында ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған дөңгелек үстелдер, семинар кеңестер сынды біркелкі жұмыстар атқарылғандығын сөз етсе,  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Эльдар Амантаев атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов сыбайлас жемқорлықпен күресу қоғам міндеті екендігін, пара беру  де, пара алу да пайдалы іс еместіктерін тілге тиек етіп, өскелең жастарға үлгі боларлық іс қалдыруға шақырды.

Қос ауылдық округтердің Мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша «Ашық әкімдік» күні шарасымен жалғасты. Ауыл тұрғындары аудандағы бөлім басшыларымен тікелей жолығуға мүмкіндік алды.

Шара жергілікті атқарушы құрылымдардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында өткізілді.

«Ашық әкімдік» шарасы ауылдық округ тұрғындары үшін тиімді бастама.  Ауыл  тұрғындары аудан басына бармай-ақ халықпен кездесуге арнайы келген бөлім басшыларына көкейіндегі сұрақтарын қойып, тиісінше жауап алды.

 Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале