13.07.2017, 17:45
Оқылды: 22

Парламент депутаттарымен кездесу

_MG_2450Аудан әкімдігінің  мәжіліс залында өткен жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов, мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрағасы Айдар Тапашұлы Батырханов, тарих ғылымының докторы, профессор Тұяқбай Зейітұлы Рысбековпен кездесуге округ әкімдері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ауыл тұрғындары қатысты.


Шараны аудан әкімі Н.Рахымжанов ашып, мәртебелі қонақтарға киелі Нарын өңіріне қош келдіңіздер айтты. Сонымен қатар Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді орындауға жұмылған бөкейліктердің іс-қимылы туралы баяндады. Мәжіліс депутаттары халық қалаулыларының қызметіменен, өздері мүше болып отырған комитеттің жұмысынан хабардар етті.

Кездесуде сөйлеген дәрігер Нәсіп Нүркенова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, аудан  жастарымен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Исатай Құрмашев Нарын өңіріне табиғи газ құбырын тартудағы Бақтықожа ағамыздың еңбегін ерекше атап көрсетіп, тұрғындардың зор алғысын жеткізді. «Құмның қу шоқысына көгілдір отын жеткізген Сізге ауданымызда ескерткіш орнатылса да артық етпейді деседі бөкейліктер»,-деді Тілеген Керейұлы. Бұл халықтың шынай көңілден шыққан шексіз ризашылығы.

Каримолла ҒАЙСИН

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале