29.11.2019, 20:37
Оқылды: 81

Партия филиалының активі өтті

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив жиналысы өтті.

qaratoobe aktiv (2)

– Қазақстанда 2012 жылдан бері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі аталып өтілуде. Аталған күн кездейсоқ таңдалып алынбаған. Дәл осы күні 1991 жылдың 1 жетоқсанында қазақстандықтар таңдау жасап, дауыс беруі кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы жеңіске жетті.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше, - деген «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев партияның «қайта жүктеу» бағытындағы жұмыстарын талқылап, алдағы міндеттерді нақтылау қажеттігін айтты.

Жиында «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов баяндама жасады.

– Барлық деңгейде партиялық жауапкершілікті арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп, Партия органдарының қызметінің ықпалы артуы тиіс. Партиялық бақылау комиссиясында, сыбайлас жекқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесте мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, сыбайлас жемқорлық мәселелері жүйелі түрде қаралып, тиісті шаралар қолданылуы керек.

qaratoobe aktiv (4)

Тұрғындарды филиал төрағасы, мемлекеттік органдардың басшылары қабылдауда. Соның арқасында халықтың көптеген сұрағы тез шешілуде. Мәселен, 10 айдың ішінде қоғамдық қабылдауға 136 адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық.

Айта кетерлігі, еліміз бойынша әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша құқықтарды қорғау мәселелерінде партияға деген сенім соттан кейін екінші орында тұр, - деді филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Жетекші партия активінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев «Nur Otan» партиясының «қайта жүктеудегі» басым бағыттарының бірі – депутаттық фракция жұмысының қарқынды екендігін тілге тиек етті.

– Қазіргі таңда аудандық филиалдың негізін қалаушы 17 бастауыш партия ұйымдары болса, олардың бірі «Аққозы» бастауыш партия ұйымы. Біздің бастауыш партия ұйымы да қазіргі партия жұмысын жандандыру бойынша қойылып отырған талаптарды жүзеге асыруда барынша жұмыстанады. Өйткені партия бағдарламасында белгіленген барлық әлеуметтік саясатты, қайырымдылық шараларды және партиялық жобаларды жүзеге асырушы осы бастауыш ұйымдары болмақ. Көмекке мұқтаж топтар үшін «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» сонымен қатар ауылдық елді мекендеріміздің көркейтуге бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының маңызы зор, - деді «Аққозы» БПҰ төрағасы Қоныс Мұқанов.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале