26.09.2019, 16:10
Оқылды: 98

Партия төрағасының орынбасары жаңақалалықтармен кездесті

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев Жаңақала ауданына келіп, тұрғындармен кездесті.

 

Кездесу еркін және ашық форматта өтіп, Мұрат Мұқаев 21 тамыз күні Елордада өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия төрағасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы туралы айтып, бағдарламаның жеті серпіні хақында кеңінен әңгімеледі.

IMG_1833

Кездесуге қатысқандар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды. Әсіресе, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Махсот Шапихов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлихан Декартұлының ел бірлігін сақтау жөніндегі ой-пікірлері өте орынды еді. Мұны М.Мұқаев та құптап, Жаңақалада ұлт үшін алаңдайтын, ел үшін елеңдейтін азаматтардың көп екеніне қуанытынын жеткізіп, ризашылық білдірді.

Жиыннан соң төрағаның бірінші орынбасары аудан тұрғындармен жеке кездесті.

Ақсұңқар Сәдір

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале