14.02.2017, 18:55
Оқылды: 24

Пауэрлифтингтен бөкейлік спортшылар 2 күміс және 3 қола медаль әкелді

пауэрлифтингОрал қаласында өткен жарыста қатысушылар классикалық және жатып көтеру түрлерінен сынға түсті.


Нәтижесінде жасөспірім қыздар арасында 43 келі салмақ дәрежесі бойынша бөкейлік Ұлмекен Сағидоллақызы мен Махаббат Қайнуш қола медальге қол жеткізсе, 52 келіде бағын сынаған Ақжан Жоламанға  күміс медаль бұйырды. Ал, ұлдар арасында Темірлан Жеңісов қоланы қанағат тұтты.

Сондай-ақ,  спортшылардың бапкері Рахим Қожағалиев 93 келі салмақта күмістен алқа тағынды.

 

Н.Сариев,

 Бөкей ордасы ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале