12.02.2018, 14:58
Оқылды: 23

Переметный лигасының ойындары басталды

futzalЗеленов ауданында футзалдан Переметный лигасы өз бастауын алды. Жарыс аудан орталығындағы мекемелер мен бөлім қызметкерлері, ауыл жастары мен жақын округтерден келген командалар арасында өтуде.

Биылғы чемпионаттың шымылдығын аудан мешітінің Баракят және ауыл жастарынан құрылған ДНД командалары ашты. Көрерменге футзал мерекесін сыйлаған екі ұжым ойыншылары аянып қалмады. Әр шабуылын тамаша аяқтай алған ойыншылар голдан тау тұрғызды. Өліспей беріспеуге бекенген командалардың ойынында 24 гол соғылды. Екінші ойында Белес округі командасы мен ауыл жастарынан құралған тағы бір ұжым Спарта кездесті. Бұл командалардың ойыны да көпшіліктің көңілінен шықты.  Әкімдік пен №25 өрт сөндіру бөлімінің командаларының ойыны да көрерменге ұнады. Биыл алғаш рет додаға түскен оқушылар командасы чемпионаттың алғашқы сенсациясын тіркеді. Былтырғы жылы екінші орын алған АСФА ЖШС-нің командасын11-4 есебімен жеңге оқушылар ешкімге оңайлықпен жеңісті бермейміз деп отыр.

Өткен жылы қысың аязы мен боранында да ойнаған ойыншылар биылғы біріншіліктің жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтіп жатқанына дән риза.

Енді бірінші тур ойындарының нәтижесімен таныстырып өтейік.

ДНД-Баракят 15-9

Спарта-Белес 11-2

Әкімдік – ПЧ-25 5-17

Асфа-Камень мектебі 4-11

Аурухана- Мәдениет бөлімі 0-3

Бірінші турдан кейінгі үздік мерегендер тізімін өрт сөндіру бөлімінің ойыншысы А. Орловский бастап тұр оның еншісінде 9 гол бар. Одан кейінгі орындарға 5 голдан соққан С. Любавин мен Ә. Есенғалиев жайғасқан.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале