6.01.2017, 10:45
Оқылды: 67

Переметныйда сұлулық салоны ашылды

zelenov-sylulik-saloni-ashildi  Ол кісі осыдан сегіз жыл бұрын «Азиза» дүкенін ашып, тұтынушыларға қызмет көрсетіп келсе, жуырда  сұлулық салонын ашып елдің алғысына кенелді.

  Переметный ауылының тұрғыны Ұлболсын Шалабаева жан-жақты, өте еңбекқор жан. Үй тірлігі, бала тәрбиесімен қатар кәсібін дөңгелетіп отырған кейіпкеріміздің күнделікті тұрмыста қолданып жүрген кәдуілгі иіс сабындарды үй жағдайында жасайтындығын басылым бетінде жазған болатынбыз.


  Енді, міне, қол қусырып отыруды жаны сүймейтін Ұлболсын апа қыз-келіншектерге арналған сұлулық салонын ашып халыққа қызмет көрсетуде.

   -Өзімнің қызығушылығыммен о баста Орал қаласында тырнақ әрлеудің, шаш үлгісін жасаудың қыр-сырын үйреніп  едім. Сол оқып-тоқығанымды жүзеге асырудамын. «Азиза» дүкеніміздің жанынан ашылған бұл сұлулық салонынына қажетті құрал-жабдықтардың бәрін өзіміздің жиған-терген қаражатымызға сатып алдық.

  Тұрғындарға шаштың түрлі үлгісімен қатар, тырнақ әрлеуді жасаймын. Шаш үлгісін жасау 800-2500 теңгеден болса, ал тырнақты әспеттеу 2500 теңге. Әзірше, салонның иесі де, сәндеушісі де өзіммін. Келешекте шаш қиюды меңгеру ойымда бар. Бүгінгі таңда тұрақты келушілер саны да арта түскені көңілге қанат бітіреді,-дейді жаңа салон иесі.

Айшабибі Мәмет

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале