7.08.2017, 12:25
Оқылды: 27

Пластикалық бөтелкелер кәдеге жаратылмақ

Шыңғырлау ауылдық округ әкімі аппараты биылғы көктемнен бастап көшелердің  қажетті деген тұстарына  тұрғындар қоқыс жинауы үшін жәшік қойды.


Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа «Бауыржан» жеке кәсіпкерлігі тапсырысты орындап, 30 жерге темір қоршау жасады.

Ал «Селебрити» жек кәсіпкерлігі тұрмыстық қалдықтар мен қоқысқа арналған 100 дана контейнер-жәшік және 20 нүктеге пластикалық бөтелкелер салатын торлы жәшіктер жасап, орнатып берді. Енді қоқыстар сортталмақ. Жинақталған  пластикалық бөтелкелерді шикізат ретінде шыңғырлаулық кәсіпкер өңдеуге әкетпек.

 Айсұлу Амангелдіқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале