11.08.2020, 12:20
Оқылды: 150

Подстепныйда дамыту орталығы ашылды

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында «Көркем» дамыту орталығы ашылды.

56B4FFD2-82D3-4264-B81F-6308684A548B

Жоба  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында  "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің ауылдық үкіметтік емес ұйым және бастамашыл топтар үшін ұсынып отырған шағын грант байқауы шеңберінде жүзеге асты.

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі 12 аудан бойынша шағын гранттар байқауын өткізіп, аталмыш жоба қайтарымсыз қаржыны иеленуге мүмкіндік алды. «Көркем» дамыту орталығы – әйелдерге психологиялық, құқықтық, ақпараттық, әлеуметтік кеңес беріп, жас аналарға, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетеді. Қоғамның дертіне айналған ажырасу фактілерінің азаюына да осы орталық үлес қосады дейді «Көркемнің» жетекшісі Гүлмира Төлегенова.

7A84F324-DC06-4E93-8C4A-973F8F8F8068

Жобаның ашылуына Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов және «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова арнайы қатысты.

Орталық Подстепный мәдениет үйінде орналасқан.

 Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале