6.11.2018, 14:53
Оқылды: 41

Подстепныйға ауыл ішілік жол салынады

Теректі ауданы Подстепное ауылында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Оған тек осы округтің тұрғындары ғана емес, бір шеті Федоровтан, бір шеті Ақжайық ауылдық округінен халық жиналды.

2

         Үш сағатқа созылған шарада қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселенің дені жер телімі, баспана, жолға қатысты болды. Аудан әкімі Әділ Жоламанов тиісті сала мамандары мен округ әкімдеріне көтерілген сұрақтар мен мәселелерді шешуді тапсырды. Шешімін тапқан мәселелерді жария етті. Соның ішінде ең жағымдысы Подстепное ауылы ішіне жол салынатын болды. Мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория орналасқан көшеге қатқыл табанды жол төсеуге құжаттар дайын. Лесная көшесі жағына, «Таити» аумағына да жол түзеледі.

         «Ашық әкімдік» шарасымен қатар  «Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін» ұйымдастырған мемлекеттік қызметкерлер келген азаматтарға  е-gov порталы мен «Өзі қызмет тұтыну» бұрышы қызметтерін пайдалану туралы мәлімет беріп, нұсқаулық буклеттер таратты.

Камелия ҚАРЕКЕСОВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале