23.01.2020, 13:07
Оқылды: 114

Поймаға жаңа мектеп, Ақсуаттағы білім ошағына күрделі жөндеу қажет

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінде өткен есептік жиынға аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, дербес бөлім басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

terekti aksuat (2)

2 831 халқы бар округ құрамына Ақсуат, Пойма, Магистральный, Әйтиев және Колузанов елді мекендері кіреді. Округ әкімі Максим Энгелов атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

terekti aksuat (4)

"Теректі өнімдері" ЖШС округ аумағында алты жылыжай салса, Ақсуат ауылына кіреберіс жол күрделі жөндеуден өтіпті. Өткен жылдың басты қуанышы да осы секілді. Ал Пойма ауылына мектеп салу күн тәртібінен әлі түспеген. Қазіргі күні 108 орындық екі қабатты мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Ақсуат ауылындағы салынғалы жөндеу көрмеген білім ошағы осы жылы күрделі жөндеуден өтпек. Бұл жөнінде ауданы әкімі Әділ Жоламановтың өзі мәлімдеді.

Сондай-ақ аудан бойынша өткен жастар жылында "Zhas Project" жобасы  арқылы 15 адам қайтарымсыз несие иемденсе, соның екеуі осы ақсуаттық жастар. Осы ретте, аудан әкімі жастарды қолдауға, тың идеяларды  мұқият тыңдауға  әркез әзір екендігін ашық айтты.

terekti aksuat (4)

Жергілікті халық округ әкімінің жұмысына оң баға бере отырып, Жайықтың тартылып бара жатқанын, малға су тапшы екендігін басшылар назарына салса, Ақсуаттық ақсақаладар  ауыл тазалығына ерекше назар аударды.

 Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале