26.09.2019, 10:05
Оқылды: 78

Полевнойға таза ауыз су жетті

Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округіне қарасты Полевной елді мекенінің тұрғындары қос бірдей қуанышқа кенелді.

пол 3

Аудан орталығы іргесінде орналасса да біраз жылдан бері ауыз су тапшылығын тартып келген полевнойлықтар «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында таза да сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Ауыз су арнасының ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров:

- Осыдан екі жыл бұрын ауыл тұрғындары «Бізде су мәселесі қашан шешімін табады?» деп сауал тастады. Мемлекеттің саясаты аясында ел Президентінің арқасында ел-жұрттың тілегі орындалып, ауыз суға қол жеткіздіңіздер. Су – тіршіліктің көзі. Сусыз өмір жоқ. Бүгінгі мереке құтты болсын! - деді.

пол 5

Одан соң сөз алған ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Василий Косыцин ауылға қуаныш сыйлаған аудан, округ басшылығына алғысын жеткізді.

Ауылда 28 тұрғын үй бар. Тұрғындар саны – 95. Халық ендігі кезекте көгілдір отынға қол жеткізсек дейді.

Айта кету керек, нысан мердігері - «Жиенбай» ЖШС. Нысан құрылысының құны 22,3 млн. теңге.

Сонымен қатар мерекеге орайлас ауылда балалар алаңқайы ашылды. Балаларға шаттық сыйлаған «Балалар әлемі» атты мерекелік бағдарлама ауыл балаларының қуанышын еселей түсті.

пол 6

Алаңқайдың лентасын ауыл тұрғыны Ақтамақ Сафиева мен бүлдіршін Алина Хайруллина қиды.

Ертай Бимұханов

суреттерді түсірген

Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале