21.06.2019, 16:55
Оқылды: 294

Полиция қызметкерлері марапатталды

Бәйтерек аудандық ішкі істер бөлімінде 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік жиын өтті.

 baiterek (4)

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары орынбасары Ернар Бекетов сөз алып, ішкі істер органдары қызметкерлерін аудан әкімі Асхат Шахаровтың атынан құттықтап, алғыс хат табыстады.

baiterek (2)

- 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Қоғамның қауіпсіздігіне қызмет етуде, еліміздің бейбітшілігін сақтауда еңбектеріңіз орасан зор. Қызмет бабында жанқиярлықпен өмірін құрбан еткен батырларды ұлықтау, есте сақтау, ұрпақтың алғысын жеткізу парызымыз. Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс тілеймін!- деді аудан әкімнің орынбасары Е.Бекетов.

baiterek (3)

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Виталий Дарханов 30 жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен, полиция ардагері Михайл Николаевич пен ішкі істер органдарының ардагері Нұрболат Сәлімгерейұлын, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, подполковник Рафик Қадыровты мерекелік медальмен марапаттады.

baiterek (5)

- Адам өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, уақытпен санаспай, қалтқысыз қызмет ететін полицияның жұмысы батылдық пен талапшылдықты қажет етеді. Әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, жұмыстарына жетістік тілеймін! - дейді ішкі істер саласының ардагері Сейілхан Ізбасарұлы.

Полиция күніне орай Теректі ауданында да салтанатты жиын өтті.

Ел сақшыларын кәсіби мерекемен аудан әкімі Әділ Жоламанов, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Армат Байғазиев, Федоров ауылдық округінің әкімі Болатбек Тлегенов құттықтады.

terekti (2)

- Полиция қызметкері – зор жауапкершілік арқалаған, тәуекелге бел буған тұлға. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз. Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес. Еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай, - деді аудан басшысы Әділ Тауфикұлы.

terekti (4)

Ішкі істер министрлігінің ардагері Эльдар Хабибулин, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Әділбек Дусенов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Қуандық Оразов, жергілікті учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұрлыбек Құспанов аудан әкімі Әділ Жоламановтың атынан алғысхатпен марапатталды.

terekti (5)

Аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Амангелді Убишев әріптестерін мерекемен құттықтап, полиция капитаны Равиль Насыров пен Подстепный ауылдық полиция бөлімшесінің кезекші-көмекшісі Бегалы Қолғанатовқа ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғысхатын табыстады.

Шыңғыс Нұрлыбекұлы, суреттерді түсірген Сәлім Мәмбеталиев,

Аяулым Бақтығали,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале