22.06.2020, 8:44
Оқылды: 130

"Полиция қызметкерлерінің мойнындағы жауапкершілік пен жанкештілікті көбіміз ескере де, сезіне де бермейміз"

23 маусым - Қазақстан полициясы күні. Біз ел тыныштығы жолында уақытпен санаспай тынымсыз еңбек етіп жүрген Казталов ауданы Жалпақтал полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлерінің бір күнгі жұмысымен арнайы танысқан едік.

6D84313F-82D1-4253-89E5-66257CC62590

-Биыл ішкі істер министрлігі үлкен өзгерістерді бастап, жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ол қызметкерлер саны бойынша еліміздегі ең ірі құрылым. Онда 150 мыңға тарта мамандар жұмыс жасайды. Министрлік жемқорлықтың алдын алып, өз мамандарының ісіне адал болуы үшін жаңа бағдарлама әзірлеп, полицейлердің санын еуропалық стандарттарға сәйкестендірді.

186A3730-1D69-49D9-A8DC-1411463F4599

Полиция қызметкерлерінің мойнындағы жауапкершілік пен жанкештілікті көбіміз ескере де, сезіне де бермейміз. Жұмыс барысындағы қатаң тәртіп пен мезгілсіз қызметті кез келген полиция қатар алып жүруге тырысады. Бізде мәртебелі мамандықты атадан балаға жылдар бойы жалғап келе жатқан әулеттер де бар. Олар Отан алдында адал қызмет етуді ұрпақтан-ұрпаққа ұлағат етіп келеді.  Олардың тәжірибесі ауылдастарға үлкен өнеге,- дейді Жалпақтал полиция бөлімінің басшысы Әзілхан Қайырханов.

642B0D39-783D-4CBC-8109-17D4B14230E6

Әр ауылда қанша адам болса, сонша түрлі тағдыр бар. Осыған орай олармен ортақ тіл табысу үшін полицейлерге психолог болуы керек. Қатал болатын тұс­та қаталдық танытып, қажет ке­зін­де кешірімшіл де бола білуі абзал. Сондықтан олар бө­лім­шеге қарайтын тұрғындардың барлығымен жылы сөйлесіп, барынша сырлас, дос болуға тырысады.

-Қазақстан полицейлері жөнінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: «Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеттерінің бірі - қолжетімділікті, ашықтықты, жеделділікті арттыру және тұрғындармен өзара тиімді байланыс жасау болуы тиіс» деп айрықша атап көрсетті. Біз сол талап-үде­ден шыға алсақ, мақсатымыздың орын­далғаны, – деп түсінеміз,- дейді жергілікті полицияның учаскелік инспекторы Талғат Темешев.

59A4F1AD-408C-4761-94F6-B206206B9E4E

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале