10.10.2017, 17:59
Оқылды: 63

Пошта қызметкерлерін құттықтады

Шыңғырлау ауданы әкімі А.Есалиев «Қазпошта» мекемесінде болып, қызметкерлерді пошта күнімен құттықтады.

Соңғы кездері жақсы жөндеу жүргізіліп, халықпен табысты еңбек етіп жатқан пошта қызметкерлеріне денсаулық тілеп, алда атқарар қызметтерін абыроймен атқаратындығына сенім білдірді. Мереке иелеріне аудандық сот ұжымы атынан Сағыныш Таңатарова Алғыс хат табыс етті.

Аудандық Мәдениет үйі өнерпаздары ән шашу арнап, әсем би биленді. Шараға ауылдық округтерден де пошташылар қатынасты.

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале