1.02.2017, 12:50
Оқылды: 38

Президенттік көпсайыс өтті

Karatobe prezidenttik kop sayis  Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп және колледж оқушылары арасындағы облыстық VІІІ қысқы спартакиадасының қысқы президенттік көпсайыстың аудандық кезеңі өтті.


  Шараға қатысқан Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев сайысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спорт түрін мектеп және колледж оқушылары арасында көптеп өткізу керектігін жеткізді.

  Тартысты дода алдымен шаңғы спортымен басталып, нысанаға ату, кермеге тартылу сынды кезеңдер бойынша өрбіді.

  Сайыс қортындысы бойынша І орынды –   Мұхит, ІІ орынды – Шөптікөл, ІІІ орынды Жусандыой мектептері иеленсе, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Соналы мектебі марапатталды.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале