17.01.2017, 17:17
Оқылды: 20

Президенттік көпсайыстан аудан біріншілігі өтті

    Тасқала аудандық мəдени ойын-сауық жəне спорт клубының ұйымдастыруымен Астана қаласында өтетін "EXPO-2017" көрмесін және Алматы қаласында өтетін 28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында қысқы Президенттік көпсайыстан Тасқала ауданының біріншілігі өтті. Оған аудан мен ауылдық округтерден барлығы 18 команда қатысты.

Спорттық шараның ашылу салтанатында ЭКСПО эмблемасы бейнеленген туды ауданымызға белгілі кәсіпкер, "Алтын сапа" сыйлығының иегері Қуан Тасқалиев пен республикалық робот техника олимпиадасының жүлдегері Ерлан Нұртілек көтерді. Универсиада  туын жазғы Президенттік көпсайыстан республика чемпионы Қайрат Нағиев пен пауэрлифтингтен ІІ дүркін республика чемпионы, спорт шеберінен үміткер Сигуатов Диас асқақтатты.

Қызықта да тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша  командалық есепте Ы.Алтынсарин атындағы мектеп командасы ІІІ орын, "Сəулет" мектеп-лицейі ІІ орын, Достық ауылдық округінің құрама командасы І орынға ие болды.

Жеңімпаз командалар мен қалған қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Е.Елекенов,

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале