15.11.2018, 12:41
Оқылды: 62

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматқа ескерту берілді

Ақжайық аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған Чапаев тұрғыны тексеру барысында кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғылықты мекенжайында болмағаны үшін оған ескерту берілді.

пробация

Ол бұған дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің  шарттарын бұзған еді. Яғни, бұл өзіне сот тағайындаған жеңіл жазаның қадірін бағаламау деген сөз. Сондықтан оған аталған қызмет сол жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы материал дайындауда. 12 қарашада басталған «Есепте тұрған» атты республикалық профилактикалық іс-шараға байланысты №1 пробация қызметінің қарауындағы 40-қа жуық сотталғанмен қылмыстың алдын алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         -Олардың қайталап қылмысқа бармауы қадағаланып, жазаларын өтеудің тәртіптері қаперлеріне салынуда. Араларындағы жақсы еңбек етіп, түзелу жолына түскендерді өнеге етеміз. Аталған профилактикалық іс-шара 24 қарашаға дейін жүргізіледі,- дейді №1 пробация қызметі инспекторы, әділет лейтенанты Мұқан Тынышбай.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале