11.06.2019, 10:11
Оқылды: 36

Профилактикалық шарада 10 хаттама толтырылды

Кәмелетке толмағандардың тарапынан болатын құқықбұзушылықтарды ескерту және алдын алу мақсатында Сырым ауданында «Түнгі қаладағы балалар!» кешенді жедел – профилактикалық іс-шарасы өтті.

 11jpg

Шара кезінде ювеналдық полиция қызметкері, білім бөлімі және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері алкогольдік өнім және темекі бұйымдарын сату сату орындарында рейдтер жүргізіп, көңіл көтеру мекемелері мен есепте тұрған отбасыларды тексерді.

Нәтижесінде жасөспірімдердің қатысуымен әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, ата-аналарына ҚР ӘҚБтК – нің 442-бабы, 2 бөлігі бойынша, яғни кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүргені үшін 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Светлана Халилова,

Сырым аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале